Менде капча қабылданбайды
IP мекенжайыңыздан келген сұрауларды робот емес, тірі адам жіберетініне көз жеткізу үшін жүйе капчадан бірнеше рет өтуді сұрайды. Қауіпсіздік алгоритмдеріміз күдікті әрекеттерді байқағанда, солай жұмыс істейді.
Бұл сұраулар міндетті түрде сізден келмеуі мүмкін, себебі бірнеше пайдаланушының бір IP мекенжайы болуы мүмкін.
Браузер реттеулерінде cookie файлдарының автосақталуы өшірілсе немесе олар автоматты түрде жойылса, жүйе капчаны бірнеше рет енгізуді сұрайды.
Назар аударыңыз
Форма ашылмаса, сіздегі JavaScript өшірілген болуы мүмкін. Оны браузер реттеулерінде қосыңыз және бетті қайта жүктеңіз.